|
Құрметті жолаушылар !
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, және жүк багажды тасымалдау Ережесін бекіту туралы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына сәйкес қала маңындағы қатынасындағы поездің жөнелуіне 10 күн бұрын қалғанда жол құжаттар сату (билеттер) қызметі қолданысқа енгізілді.
Вокзалдың барлық билет кассаларында, сонымен қатар, Астана станциясының перронында 2 және 3 жол аралығында орналасқан кассаларда кезектен тыс қала маңындық қатынасындағы поездің жөнелуіне 30 минут қалғанда жолаушыларға жол құжаттарды сатып алуға болады.
Алайда, ескерту жасайтыңымыз, вокзалдар мен перрондардағы билет кассаларында қала маңындық поездардың барлық қатынастарына поездің жөнелуіне 5 минут қалғанда жол құжаттарды сату тоқтатылады, өйткені «Экспресс» АБЖ билеттерді сату жөнінде бағдарламасы билеттерді сатпайды.
Тарифтік емес, билеттік кассалары жоқ станцияларда, жолаушылар вагондар ішінде жол құжаттарды тікелей сатып алуларына болады.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін «Қала маңындағы тасымал» акционерлік қоғамы 3 класқа бөлінетін поездің құрамында бары бар, жайлылығы жоғары электропоездарды ұсынады.
Бұл вагондар № 805/808 Астана-К.Бурабай қатынасындағы «Оқжетпес» қала маңындағы тасымал электропоездар сұлбасында қатынайды:
№807/808 «Астана – Көкшетау» «Оқжетпес»,
№853/854 «Астана – Қарағанды» «Сары-Арка»,
№855/856 «Астана – Қарағанды» «Сары-Арка».
Аталмыш вагондарға жолаушының жеке тұлғасын куәландіратын құжатты ұсынғанда ғана сатылады, өткені поездық бригада қызметкері жол жүру құжатты жолаушының жеке тұлғасын куәландіратын құжатпен салыстырады.
|