|
Қоғам Қазақстан Республикасының азаматтарын осы жылдың 24 сәуірінен бастап тарифтік станцияларда (билеттік кассалары бар) қала маңындаңы поездарға жол құжатсыз (билеттер) жолаушыларды отырғызуға және жүруге жол жібермеу жөнінде бір қатар шаралар өтіп жатқаны туралы хабарландырады.
Аталмыш шара тұрақты ретінде, қала маңындағы поездарда жолаушылардың билетсіз жүруі толығымен жойылмағанша жүргізіледі.
Шаралар жүргізу шеңберінде, осы жылдың 19 маусымынан бастап Қоғамның барлық аймақтарында қала маңындағы поездарда жолаушылардың билетсіз жүруіне жол бермеу мақсатында, Қоғамның орталық аппарат қызметкерлері санынан отырғызу топтары ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта осы жылдың 01 қыркүйегінен бастап эксперимент жүргізіліп жатыр, мұнда отырғызу топтардың рөлін жеке меншік күзет агенттігінің қызметкерлері атқарады, бұл агенттік жолаушыларды жол құжатпен отырғызуыменен басқа, қала маңы бағытындағы поездарымен бірге жүреді.
Сонымен қатар, Қоғамның 2009 жылдың 17 тамыздағы № 19 Өкімін орындау негізінде, Қоғамның орталық аппарат қызметкерлері поездық бригадалар жолаушыларды, багажды, жүк багажды тасымалдау Ережесін сақтауын тексеру мақсатында, поездармен тура бірге жүру тексеріс өткізіліп жатыр, мұнымен қатар жолаушылардың билетсіз жүруін анықтау және оны жою мақсатында қала маңындағы қатынасындағы поездарда тосын тексеріс өткізіліп жатыр.
Темір жол вокзалының барлық ғимараттарында аталмыш шаралардың өтуі туралы хабарландыруы ілінген, сонымен қатар, бұл ақпарат қатты дауыстағыш байланыс арқылы жолаушыларға хабардар етіледі.
Осымен қатар, билеттік кассалардың жанында қала маңындағы поездарға жол құжаттарды (билеттерді) 10 тәулік бұрын сатып алуға болады, жол құжаттарды сату поездің жөнелуіне 5 минут қалғанда тоқтатылады, «Экспресс» АЖБ билеттерді сату бағдарламасы билеттерді бермейтіні туралы хабарландыру ілініп қойылған.Барлық билеттік кассаларда электропоездың жүруіне 30 минут қалғанда жолаушыларға қызмет кезектен тыс көрсетіледі.
Жайлылығы жоғары электропоезд вагондарына жол жүру құжаттарды жолаушының жеке тұлғасын куәландіралатын құжаттарды ұсыну арқылы сатып алу қажет.Өйткені, жолаушыларды отырғызу барысында поездық бригада қызметкері жол жүру құжатты жолаушының жеке тұлғасын куәландіратын құжатпен салыстырады.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы вокзалдарда және перрондарда билеттік кассалардың жұмысын тоқтаусыз, ширақ жұмыс істеуін жөнге келтірген.Кассалардың жұмыс істеу кестесі қайта қаралған.
Билеттік кассалар жоқ тарифтік емес станцияларда, жолаушылар жол құжаттарды тікелей вагон ішінде сатып алу мүмкіндігі бар.Жолсеріктер мұндай жолаушыларды билеттерді бақылау-касса машинкасы (БКМ) немесе катушка билеттері арқылы сатады.
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, және жүк багажды тасымалдау Ережесін бекіту туралы Көлік және коммуникациялар Министрінің «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар Министрінің темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығынан көшірме
1-Бөлім
5-Тарау.Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережесі
77.Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес тиісті құжаттары бар болған кезде балаға күтім жасауды және оның құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асыратын ата-анасы, бала (қыз) асырап алушы, қамқоршы, патронат тәрбиешісі немесе оларды ауыстыратын басқа тұлға болып табылатын жолаушы:
1) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы алып, егер бала жеке орын алатын болмаса, ақысыз жол жүруге құқылы.
Жеке орынды алу үшін елу пайыздық жеңілдікпен тиісті жол жүру құжаты сатып алынады.
Жолаушы өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баладан артық, сондай-ақ 7 жастан 15 жасқа дейінгі баланы алып жүргенде балалар жол жүру құжаты сатып алынады.
2) өзімен бірге жол жүрудің толық құнынан елу пайыздық жеңілдікпен жол жүру ақысын төлей отырып 7 (жеті) жастан 15 (он бес) жасқа дейінгі баланы алып жүруге құқылы.
78. 15 жастан асқан балалар үшін толық жол жүру құжаты ересектерге ресімделгендей ресімделеді.
Жолаушымен бірге 15 жасқа дейінгі бала жол жүретін болса, кассирге және вагонның жолсерігіне баланың жасын куәландіратын құжатты ұсыну тиіс.Жол жүруді ресімдеу кезінде баланың жасы жол жүрудің басталу күніне қарай анықталады.
Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы жол жүру құжаттарын ресімдеу кезіңде-билет кассасына, жолаушылар поезына отыру кезінде – вагонның жолсерігіне баланы алып жүруге құқық беретін құжатты ұсынады.
2-Бөлім. Қол жүгін тасымалдау
11-Тарау. Қол жүгін тасымалдау жағдайлары
103. Жолаушы өзімен бірге ақысыз бір толық және балалар жол жүру құжатына 35 кг аспайтын салмақтағы көлемі үш өлшемдерінің қосындысы бойынша (100х50х50) 200 см аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қол жүгі болып түріне және орауына қарамастан, өзінің көлемі бойынша еш қиындықсыз вагонда қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған орындарда сиятын және оңай алып жүрілетін заттар мен нәрселер саналады.
Тасымалданатын қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуына жолаушы өзі жауап береді.Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон тамбурларында қол жүгін орналастыруға болмайды.Қол жүгіне жатпайтын, көлемі үш өлшемдердің қосындысы бойынша (100х50х50) 200 см асатын ірі габаритті заттарды тасымалдауға тыйым салынады.
Жолаушыға өзімен бірге белгіленген қол жүгін тасымалдау нормасынан артық ақысыз портфель, әйелдер сөмкесін, бинокль, шаңғы және олардың таяқшаларын, қармақтарды, фотоаппарат, тасымалды транзисторлық радиоқабылдағыш, қол шатырлар және басқа да ұсақ заттарды алып жүруге болады.
Жергілікті және алыс поездарда жолаушы өзімен бірге қол жүгі салмағының нормасы есебінен өздерінің көлемдері бойынша вагондағы қол жүгіне арналған орындарға орналастыруға болатын бөлшектелінген балалар арбаларын, байдаркаларды тасымалдауға рұқсат беріледі.
Тасымалдаушы белгілейтін ақымен және тәртіпте ауданаралық және ішкі поездар қатынасында жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаға қосымша 50 кг дейін қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қала маңындық поездарда қол жүгі ретінде ақысыз тасымалдау нормасы есебінен тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, балалар арбаларын, өсімдіктерді, көшеттер мен басқа отырғызу материалдарын тасымалдауға болады.Осындай жүктің әрбір орыны салмағы бойынша 18 кг және биіктігі бойынша 1,5 м аспауға ттиіс.
Қала маңындық поездарда ақшасын төлеп, біреуден артық емес бөлшектенбеген велосипедті, тамбурда тасымалдауға рұқсат беріледі.
104.Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасыған, өрт қауіпі бар, улы, тез тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды (арнайы ережелерде көзделген жағдайлардан басқа) қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
105.Ерекшілік ретінде жергілікті поездар вагондарында, сонымен қатар, қала маңындық қатынасындағы поездардың барлық вагондарында жол жүру құжатына бір телевизор немесе радиоқабылдағышты (жолаушыда қол жүгінің барына қарамастан) тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жергілікті, алыс немесе қала маңындық поезда әр телевизорды және әр радиоқабылдағышты тасымалдау үшін оның салмағына қарамастан (көлемі үш өлшеулердің сомасы бойынша кіші габариттіден, портативтіден басқа) багаж тарифі бойынша есептелетін багаж салмағының 30 кг ретіндегі есептен төлем алынады.
3-Бөлім.Багажды тасымалдау шарттары және тәртібі
17-Тарау. Иттерді, кішкентай үй жануарларын, құстар мен араларды тасымалдау
129.Поездарда үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау ЖВ вагондарынан, жайлылығы аса жоғары вагондардан және барлық санаттағы поездардың жақсартылған ішкі интерьерімен отырғызу орындары бар вагондардан басқа, барлық вагондарда рұқсат етіледі.
Ұсақ үй жануарлары мен құстары жәшіктерге, себеттерге, торларға және қол жүгін тасымалдау үшін бөлінген орындарға орналастырылуы тиіс.
Ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау кезіңде олардың иелері немесе бірге алып жүрушілер вагонда санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ұсақ тұқымды иттер мен күшіктерді поездардың барлық қатқыл вагондарында белгілі ыдыста (сөмкеде, себетте, торда және т.б.) орналастыру жағдайында өзімен бірге алып жүруге болады.
Жолаушы вагондарында, сондай-ақ ауданаралық, облысаралық және халықаралық қатынастағы багаж вагондарында иттерді, ұсақ жануарларды және құстарды тасымалдағаны үшін багаж данасына немесе 20 кг ретіндегі орынға төлейді.
130.Жолаушы поездарында ірі тұқымды, соның ішінде қызметтік иттерді тасымалдау:
1) жолаушылар поездың локомотивтен кейінгі бірінші вагонның жұмыс емес тамбурында (екі иттен артық емес) шынжырмен, тұмылдырық кигізіп немесе белбеумен байланып, осы вагонда жол жүріп келе жатқан иелерінің немесе ілесіп жүретін тұлғалардың қадағалауыменен жүргізіледі.Тасымалдау оң бетінде «Багаж жолаушының өзінде» деген жазауы бар багаж түбіртегі бойынша жүргізіледі;
2) иттерді тобыбен тасымалдау поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 5 тәуліктен кешіктірмей тасымалдаушыға берілетін алдын ала өтінімдер бойынша ғана, багаж вагондарында жалға алу шартында рұқсат етіледі;
3) иесінің қадағалауымен ауданаралық немесе ішкі қатынастағы поездың тамбурында (екі иттен артық емес);
4) осы вагонда жол жүруі тиіс иелерінің немесе ілесіп жүретін тұлғалардың қадағалауыменен багаж вагондарында арнайы контейнелерде немесе табандығы бар жәшіктерге.
5) зағиптар жолсерік-иттерді өзімен барлық санаттағы поездардың қатты вагондарында өз жанында ақысыз алып жүреді;
6) жабайы жануарларды, кеміргіштерді, ақ тышқандарды тасымалдау рұқсат етілмейді;
131.Қала маңындық поезда жолаушының өзімен бірге ұсақ үй жануарлары мен құстарды тасымалдау ақысыз жүзеге асырылады, ал жергілікті және алыс поездарда жолаушыға бет жағында «Багаж жолаушының өзінде» деген жазуы бар багаж түбіртегін береді.
132.Жолда жолаушы вагонынан ұсақ үй жануарларын, құстар мен иттерді багаж вагонына ауыстырған жағдайда, багаж түбіртегін тасымалдауға арналған құжат ретінде багаж вагонының қабылдап-тапсырушысына тапсырылады.Қабылдап-тапсырушы жолаушыға багаж түбіртегінің нөмірі мен тағайындалған станциясы көрсетілген таңбаны береді.
133.Багаж вагонында иттерді, ұсақ үй жануарларын, аралар мен құстарды жол барысында асқын жүксіз тасымалдауға қабылдау рұқсат етіледі.
|